Арал теңізі туралы мәлімет

Бір кездері әлемнің ең үлкен көлдерінің бірі болған – Арал теңізінің тартылып, жойылып кетуіне де аз уақыт қалды деп ойлаймын. Оған қатысты мәліметтер өте көп.

Арал теңізі туралы 10 қызықты мәлімет

Оның қазіргі атауы 20 ғасырда пайда болған. Теңіздің мөлшері кішірейіп, судың бетінен бірнеше аралдар көрінгендіктен, жергілікті тұрғындар оны «Арал» теңізі деп атап кеткен. 1950 жылдары жер бетіндегі ең үлкен көлдердің арасында, 4-ші орында болған.  Көлемі 68 мың км2-ты құраған. Қазіргі уақытта, оның көлемі 8 есе азайды (8303 км2). Өткен ғасырдың ортасында, Әмудария мен Сырдария өзендерінің арналары жасанды түрде өзгертілді. Дала аймақтарындағы егістік жерлердің құнарлылығын арттыру үшін, оларды осы өзендердің көмегімен суара бастады. Нәтижесінде, Аралға құйылатын судың ағымы күрт азайып, оның құрғап қалуына әсер етті. Ғалымдардың айтуынша, болашақта теңіздің орнында Арал-Құм шөлі пайда болады. Ол Қызылқұм және Қарақұм шөлдерінің жалғасы болады. Теңіз жойылып кеткен соң, оның айналасындағы климат та өзгереді. Ал, маңында қоныстанған жергілікті халық, судың жетіспеушілігінен зардап шегеді. 1989 жылы ол Солтүстік және Оңтүстік болып, екі тәуелсіз су қоймасына бөлінді. Өз кезегінде Оңтүстік Арал теңізі – Шығыс және Батыс болып екіге бөлінді. 2014 жылы Шығыс бөлігі толығымен құрғап қалды. Кеуіп қалған жерлерінен 60-қа жуық тарихи және сәулет ескерткіштері табылды. Зерттеушілердің айтуынша, ежелгі уақытта бұл жерде адамдар өмір сүрген. Судың түбінен: керуен жолдарының іздері, тастар, кірпіш шеберханасы, шамдар мен монеталар, ірі диірмендер мен астық қоймалары табылды. Ол ерекше теңіз. Физикалық заңдарға сәйкес, Жердің айналу әсерінен барлық өзен-көлдер оңға қарай бұрылады. Арал теңізінің бағыты керісінше: ол солға қарай ауытқып, сағат тілімен жүреді. Жер бетіндегі ең тұзды көлдердің бірі. 1960 жылға дейін оның тұздылығы 10-11%-дан аспаған, бірақ судың көлемі азайғандықтан, тұздың мөлшеріде артты. Қазіргі таңда, бұл су қоймасында 11 миллион тұз бар. Орталық Африкадағы Чад көлі және АҚШ-тағы Салтон теңізі, Аралдың қайғылы тағдырын қайталай бастады. Егістіктерді суару үшін алынатын судың мөлшері өте көп болғандықтан, балықтар жағаға шығып, тұздың мөлшері көбейіп келеді. Арал теңізінің құрғауы – адамның кесірінен туындаған экологиялық апат. Аралдың экожүйесін қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде, бірақ үлкен пайда әкеліп жатқан жоқ.

 

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің
3 “Г” сынып оқушысы
Мұхамбетрахым Мирина

КІРІСПЕ
Өзектілігі: Бұл жобаның мен үшін өзектелігі – Арал теңізі туралы мағлұмат алу, көлдің экологиялық жағдайына тоқтала отырып, оның проблемасын ашу, түсіну.

Жобаның мақсаты: Арал теңізі және оның экологиялық жағдайы туралы мәліметтер жинап, проблемасын ашудың жолдарын іздеу.

Міндеттері:

1. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны.
2. Арал теңізінің экологиялық жағдайы.
3. Арал теңізінің құтқару жолдары.

Оқи отырыңыз:  Экологиялық сапа стандарттары

Негізгі бөлім:
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі – 1066 км2, тереңдігі – 30-60 м, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды.

Арал теңізінің экологиялық жағдайы
Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
– жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
– ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
– суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;
– жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;
– табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Оқи отырыңыз:  Ядролық қаруды қолданудың экологиялық салдары

Арал теңізінің құтқару жолдары
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. “Арал тағдыры – жер тағдыры” болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

Қорытынды

Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.
Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаев экология және табиғатты тиімді пайдалану, Алматы-2004 ж
2. Ә. С. Бейсенова «Экология ел тағдыры» – Алматы, 2006ж
3. Ұ. Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаы қорғау» – Алматы,2002
4. Ғаламтор.

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *