Бетті қалай ағартуға болады?

Бетті ағарту, сіздің теріңізді біркелкі етуге, пигментті дақтарды кетіруге және жалпы көріністі жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл процедураны – қымбат сән салондарында ғана емес, үй-жағдайында да жасауға болады.
Ағарту жолдары Қияр Қиярдан жасалған маска – ең тиімді «ағартқыш». Ол қол жетімді және арзан. Қиярды ұсақ бөлшектерге ұнтақтап, оған бір қасық қаймақ және қоректендіретін крем қосу керек. Бетке жағып, 20 минут ұстаңыз. Лимон Ағартуға арналған ең кен таралған әдістердің бірі – лимон шырыны. Оның құрамында С, Е, PP және В тобының дәрумендері бар. Жұмыртқаның ақуызын, 15 мл лимонның шырынымен және ұсақталған қантпен араластырып, бетіңізге басыңыз. Процедуранын уақыты – 15 минуттан аспауы қажет. Сода Соданы қолдану – терісі майлы әйелдерге ғана ұсынылады. Теріңіз құрғақ немесе сезімтал болса, бұл әдістен бас тартыңыз. Соданы таза суға салып, қоюланғаша араластырыңыз. Бетіңізге жаққан соң, қолыңызбен уқалап, жылы сумен шайып тастаңыз. Осы тәсілді аптасына 1 рет қана жасап, 15 минуттан артық ұстамаңыз. Айран Бұл сусын – пигментті дақтарды жоюға көмектеседі. Егер, оған ақжелкең (петрушка) шырынын қоссаңыз, барлық үмітіңіз ақталады. Ақ балшық Балшықтың ұнтағын сумен ерітіп, теріге басыңыз. Жақсы әсерге қол жеткізу үшін, маска құрғап қалған кезге дейін тосыңыз. Лосьон Сондай-ақ, шөптерден жасалған лосьондардын әсері жоғары. Олар теріге қауіпсіз және тиімді. Ақжелкен немесе алжапқышты тұндырып, теріні күніне екі рет сүртіп отырсаңыз, бірнеше аптадан кейін нәтиже байқалады. Сонымен қатар, денені ағарта алатын өнімдердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: Құлпынай; Бал; Қызанақ; Сұлы; Бақбақ; Сүт тағамдары.

Оқи отырыңыз:  Қалай бала көтеруге болады? Жүкті болу жолдары

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *