Сырбай Мәуленов

Назия

Станция, Назия, Кішкене өзен Назия, Қырық екінші жылдың біз Болдық онда жазында. Ізі де жоқ үйлердің, Белгісі жоқ тіршілік, Кішкене өзен Назия Уһілейді күрсініп. Көрген кезде жиылды, Тұла бойға бар ашу. Станция Назия,— Тұрды алда қанды асу. Қайта кеуде көтерді, Бүгілген бел жазыла. Станция Назия, Кішкене өзен Назия. 1944

Тобыл

Аймалатып төсімді Айдынына Тобылдың, Аунап түсіп ағынға Аққу құстай шомылдым. Өзенін, елін қорғаған Қарасындай көзінің. Арқадан қағып ардақтап Сүйді Тобыл өз үлын. 1944

Ұлы жолда

Отан үшін өлімге Белді байлап бас тігіп, Жапанда жанын тапсырды Жалындап жанып жас жігіт. Толқын шашын от шалып, Ақша беттен нұр кетті. Жас шағының жазынан Айрылатын күн жетті. Қимай байтақ әлемді, Көктің шолып көлемін. Жер қойнына кірерде Айтты ақтық өлеңін. — Алпыстан асқан анашым Қабырғасы сөгіліп. Көре алмай жалғыз баласын Артымда қалды-ау егіліп. Деді де …

Ұлы жолда Читать полностью »

Тұлпар

Көп ай бойы дағдыланған, Қан жорыққа тұлпарым. Кесе келген қарғып жалдан, Шықты үстіне қырқаның. Қара жолға қан төгіліп, Күреңденіп қалды із. Жалт бұрылып, жау шегініп, Жатты ашық алдымыз. Шіркін, тұлпар көсіле алман, Тұрып еді байлауда. Бүгін тұңғыш ерік тиіп, Шыққандай бір сайранға. Туды еркін шат күндері, Қонды жеңіс құсы кеп. Құйындатып тартты ілгері, Желге қарап …

Тұлпар Читать полностью »

Кисет

Қарайлап менің жолыма Қамқоршым болдың бір менің. Қисетті беріп қолыма Есіңе алып жүр, дедің. Білмеймін сенің арқаң ба, Жүргенім әлі оққа ұшпай, Кисетің жүрді қалтамда Көк жібек баулы ақ құстай. Кеудеден отым бір сөнбей Қелемін әлі түтіндеп. Болмаса досым бір сендей Қояр ед оқтар түтіп жеп. Қан майданнан хат салып ем, Қайта келді оралып. Жаным …

Кисет Читать полностью »

Орал орманы

Ажал төніп анталап, Аспанды бұлт торлады. Аттандық біз батысқа Қалды Орал орманы. Қалды орыстың жас қызы Орамалы желпілдеп. Өзеніндей Исеттің Қөзде жасы мөлтілдеп. Аттандық біз батысқа Аялдамай аптығып. Қас қарайып, күн батып Айналаны жапты ымырт. Буырқана түйілдік Бұзылды жау қорғаны. Болды солдат сапында Байтақ Орал орманы. 1943

Есіңе ал

Болдың ба сен Волховта, Көрдің бе оның орманын Сол орманның әр талын Өз жанымдай қорғадым. Январьда, майданда Ақ денемнен тамды қан. Алып соқтым ажалды Алдымды орап аңдыған. Қара елтірі бөріктей Қалың нулы орманда. Есіңе ал мені, уа достым, Жолың түсіп қонғанда. 1943

Теңізде

Айналамыз асқар тау, Қарайды төніп көктен күз, Алқаракөк бір асау Алдымызда Көк теңіз. Ортада оқшау шың жартас, Шық моншақтап тер жапқан. Асуынан жол бермей, Аспанның бұлтын кері атқан. Алысып көк толқынмен, Астымызда кемеміз. Сол шыңдай қарап әлемге. Теңізді жарып келеміз. 1943

Сенбісің

Кезімде әлім кетіп қансыраған, Сенбісің қасыма кеп хал сұраған. Мен үшін қайғы шегіп өңің қашып, Көзіңнен ыстық жастар тамшылаған. Сенбісің қолыңды сап маңдайыма, Бір жұтым су тамызған таңдайыма, Басыма жастық қойып, бәйек болып Қараған күндіз-түні хал-жайыма. Сенбісің ұзақ түнде серік болған, Жүрегің мейірбанды нұрға толған. Өзіңе он есе етіп қайтарар ем, Дариға, жақсылығың келсе, қолдан. …

Сенбісің Читать полностью »