Цифрлар қалай пайда болды?

Цифрлар қалай пайда болды?

Біз, 0-ден 9-ға дейінгі барлық сандарды білеміз. Бұл сандар қалай пайда болды? Олар неге цифрлар деп аталады? Осы сұрақтардың жауабы төменде.

Тарихы

Ежелгі дәуірде өмір сүрген адамдарға есеп қажет болатын. Бірақ, ол заманда цифрлар әлі пайда болмаған. Сондықтан, олжаны бөлуге немесе аң аулауға баратын адамдардың санын анықтау үшін, өз саусақтарын пайдаланған. Осылайша, саусақ – алғашқы есеп құралына айналды. Бірақ біраз уақыттан кейін, нөмрлердің саны көбейіп, оларды баста сақтау қиынға соға бастады. Осылайша сандар пайда болды. Бастапқыда, әр мемлекет өз сандарын әр түрлі белгілеген.

Ежелгі Мысыр

Мысырлықтар цифрларды 5000 жыл бұрын ойлап тапты. 1 саны – бір сызықпен, 2 – екі сызықпен 9-ға дейін бейнеленген.

Ежелгі Грекия

Гректер сандардың орнына әріптер қолданған. Мысалға: А-1, Б-2 және т.б.
Ежелгі Рим

Римдік цифрлар таяқшалармен жазылады. Олар қазіргі заманда да қолданылады. Бұл нөмірлерді сағаттардан немесе кітап беттерінен көріп жүрсіздер.

Араб сандары

Римдік нөмірлеу өз уақытының үлкен жетістігі болғанымен, арифметикалық амалдарды орындау үшін ыңғайлы емес еді. Біз пайдаланатын сандар, Үндістанда жасалған. Кейінірек, бұл есептік жазбалар әлемге тарап, араб цифрлары деп аталды, өйткені ол арабтар арқылы келген. «Цифр» сөзі, арабтың «сифр» сөзінен келді. Негізінде, қазіргі заманғы сандарды үнділік деп айтқан дұрыс болады.

 

Оқи отырыңыз:  Нашар кеңес: кәсіпті немесе мамандықты дұрыс таңдамау

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *