Етеккір туралы қызықты мәліметтер

Етеккір – ай сайын әйелдің ағзасында болатын процесс. Шын мәнінде, әйелдер менструация туралы барлығын білмейді. Сенбейтін болсаңыз, төмендегі мақаланы оқыңыз.
Менструация жайлы 18 мәлімет Тампонды 1929 жылы Эрл Хаас есімді дәрігер ойлап тапты. Оны мақтадан жасап, атын «Tampax» деп қойды. Етеккір – еуропоидтарға қарағанда, негроид нәсілді қыздарда ерте пайда болады. Етеккір кезінде жыныстық қатынастан аулақ болған дұрыс. Өйткені, инфекция жұқтырудың қаупі бар. Менструалдық цикл орташа есеппен алғанда 28 күнге созылады. Алғашқы қан ағу 12-13 жаста басталады. Ал, ыстық климатта өмір сүретін қыздарда 9 жаста пайда болады. Етеккір кезінде әйелдер өте эмоционалды болады. Оларда депрессия, ашулану, шаршау және т.б. басталады. Етеккірдің кезінде жүкті болу мүмкіндігі бар, бірақ өте төмен. 1 меструалды циклде, жарты стақан қан жоғалады. Әйелдің өмірінің 10 жылы етеккірмен өтеді. Ежелгі Мысырда тампонның орнына папирус қолданған. 50 жас шамасында менструацияның болуы тоқтайды. Ол 7-8 күнге созылады. Кейбір ұлттар менструация қанының сиқырлы күші бар екендігіне сенімді. Мысалы Африкада, қыз қанды жігіттің кофесіне қосса, ол жігіт оған ғашық боп қалады. 81% әйелдерде, менструация кезінде ауырсынулар болады. Суық аймақтарда менструалдық цикл ұзаққа созылады. Бұл процесс маймыл және жарқанаттарда болады. Бұл кезеңде әйелдер жыныстық қатынасқа түсуді қалап тұрады. Ол прогестерон деңгейінің төмендеуіне байланысты. Үндістанда бұл уақытта әйел адамдарға тамақ дайындауға тиым салынады. Өйткені, олар осы кезеңде «кір» болып саналады.

Оқи отырыңыз:  Безеуді қалай кетіруге болады?

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *