Мектеп бітіру кеші көйлектері

Мектеп бітіру кешіне көйлекті қалай таңдау керек?

Мектеп бітіру кешіне көйлекті қалай таңдау керек

Мектеп бітіру кеші көйлектері
Мектеп бітіру кеші көйлектері

Мектеп бітіру кеші әрбір қыздың өмірінде толқитын сәті. Оқу күндері мен емтихандар артта қалып, алда үлкен өмір күтіп тұр. Осы кеш ерекше және қайталанбас, сондықтанда өзін ханшайым сезінетіндей киіну керек.

1. Мектеп бітіру кешіне киетін көйлекті таңдағанда өте мұқият болыңыз және жауапкершілікпен қараңыз. Алдын-ал өз образыңызды елестетіп көріңіз: киіміңіз, шаш үлгіңіз, аяқ киіміз, әшекейлеріңіз. Жаңа көйлекті сатып аласыз ба немесе тапсырысқа тіккізесіз бе, әлде жалға аласыз ба сол жағын ойланыңыз.
2. Киім дүкендері және бутиктер әртүрлі модельдегі, фасондағы, түстегі көйлектердің алуан түрін ұсына алады. Әртүрлі көйлектердің ішінен өзіңізге қажеттісін алатындай болу үшін қасыңызға анаңызды немесе құрбыңызды алып шығыңыз. Тек солар ғана сізге көйлектің жарасатынын не жараспайтынын айта алады.
3. Мына принципті ұстаныңыз: мектеп бітіру кешіне арналған көйлек әдемі әрі сәнді болуы керек, сонымен бірге сіздің жастығыңызды көрсетіп тұруы керек. Үлкен әйелдер киетін қымбат ауыр маталар мен фасондарға жоламаңыз, жастар стиліндегі модельдерге көңіл аударыңыз.
4. Көйлекті алмастан бұрын оның матасына көңіл аударыңыз. Жібек, шифон, жоржет образға жеңіл кейіп және романтикалық шарм береді, ал тафта және атлас форманы жақсы ұстап тұрады, фигураңызды көрсетіп оның кемшіліктерін жасырады. Табиғи материалдардан тігілген көйлектерді таңдаңыз: бағасының қымбат болғанына қарамастан синтетикамен салыстырғанда үстіңізге жақсы көрінеді және кез келген модада қалмайды.
5. Көйлектің түсін таңдаңыз. Сіздің жастығыңызды ашық түстер жақсы көрсетеді. Қара және ақ түстер әрдайым сәнде болады, алайда соңғы түсті таңдағанда оның той көйлегіне ұқсап кетпеуіне назар аударыңыз.
6. Егер сізге қызыл, сирен түсті, алтын түстес көйлектер ұнаса сол түстегі көйлектерді ала беріңіз. Ең бастысы көйлектің түсі сіздің бет әлпетіңізге жарасса болды. Сонымен қатар мектеп бітіру кешіне түрлі түсті немесе сурет салынған көйлек киюге болады, ең жақсы нұсқа гүл суреті салынған көйлек.
7. Есіңізде болсын сіз көйлекпен кеш бойы және түнде жүресіз, қалада қыдырасыз және билейсіз, сондықтанда көйлек сіздің қозғалысыңызға кедергі келтірмеуі керек. Юбканың ұзындығы және көлемі, белден жоғарылығы, жырықтары оның барлығы тек сіздің талғамыңызға және өмір сүру стиліңізге байланысты. Алайда мектеп бітіру кешіне әртүрлі әшекейлер тағылған көйлек кимеген жөн. Өйткені ондай көйлектер сіздің образыңызды бұзуы мүмкін.

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *