Қалай бала көтеруге болады? Жүкті болу жолдары

Қазақстанда көптеген әйелдер, ұзақ уақыт бойы бала көтере алмай жүр. Өкінішке орай, бедеулік жағдайлары көбейіп келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес бүгінгі таңда жұптардың 10%-ы осындай жағдайға тап болды. Бала көтере алмай жүрген әйелдерге, қалай жүкті болуға болады?
Ең бастысы – қорықпаңыз. Көптеген жұптар, бірнеше ай бала көтере алмаған соң, өздеріне түрлі диагноз қойып жатады. Іс жүзінде бұл жағдай нормаға сәйкес келеді. Бедеулік туралы – бір жыл бойы жыныстық қатынастан кейін жүкті бола алмаған жағдайда ойлану керек. Бірақ үмітіңізді үзбеңіз. Бала көтере алмау мүмкіндігін төмендететін көптеген факторлар бар, мысалға: созылмалы стресс, дене салмағының төмендігі, жүйелі емес етеккір циклі. Кейде сәтсіздіктің себебі, жыныстық қатынастың сирек болуы. Дәрігерлер ата-ана болу мүмкіндігін арттыру үшін, аптасына кем дегенде 3 рет қатынасқа түсу керек дейді.
Бір сөзбен айтқанда, өзіңізге «бедеулік» диагнозын бірнеше ай өткесін қоюға тырыспаңыз – алдымен сізге дәрігерге барып, мұқият тесерілу қажет. Бала көтере алмау себептері Тұрақсыз немесе керісінше тым жиі жыныстық қатынасқа түсу – сперматозоидтардың қажетті мөлшерде жиналуына жол бермейді; Әйелдерде жасына байланысты аналық жасушаның ұрықтану мүмкіндігі төмендейді, ал ерлерде сперматозоидтардың саны азаяды; Әйелде жамбас органдарында және урогенитальды жүйеде қабыну үрдістерінің болуы, жұқпалы аурулар, оның ішінде жыныстық жолмен берілетін; Инфекциялардың асқынуы: еркектерде болатын қызамық немесе паротит аурулары, сперматозоидтардың сапасын нашарлатады; Жарақаттардан немесе жасанды түсіктен (аборт) кейін болатын асқынулар; Әйелдерде овуляциямен және ерлерде эякуляциялаудағы қиындықтар; Белгілі дәрі-дәрмектерді қабылдау: анальгетиктер, антибиотиктер, антидепрессанттар және кейбір басқа препараттар қолдану; Артық салмақ немесе әйелдің салмағының төмен болуы; Жаман әдеттер: темекі шегу, ішімдікті, есірткіні және тіпті кофеинді пайдалану жүкті болуға және сау ұрпақ әкелуге кедергі келтіреді; Иммунитеттің төмендеуі және витаминдердің жетіспеушілігі; Стресс.

Оқи отырыңыз:  Бетті қалай ағартуға болады?

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *