Қазақша түс жору. Алфавит бойынша

Әрбір адам ұйқы кезінде қызықты және мағыналы түстер көреді. Көптеген адамдар, оның көмегімен болашақта болатын оқиғаларды білуге болатындығына сенеді. Бұл мақаладағы материалдар, Миллердің түс жору кітабы және т.б. алынған.

А Адасып кету Егер түсіңізде адасып кетсеңіз, бұл – шынайы өмірде шешілмеген мәселелер бар екендігін және өзіңізге деген сенімділіктің төмендегенін білдіреді. Орманда адассаңыз, өміріңіздегі қиын жағдайдан қалай шығу керек екендегін білмейсіз. Ағаш Жас жапырақтары бар ағашты көрген жағдайда, барлық жоспарлар мен армандарыңыз орындалады. Ағашқа өрмелеу, қызметте жоғарылаудың белгісі. Ағаштың астында отыру, сізге жақын уақытта көптен күткен хабар келеді деген сөз. Ал өлі ағаштар, қайғыны білдіреді. Ажырасу Түсінде күйеуімен ажырасу, достарын арасында қиындықтар туатындығын білдіреді. Егер бұл түсті жас қыз көрсе, жақын арада жігітіңіз сіздің көзіңізге шөп салуы мүмкін. Айна Түсінде айна көру – жақын арада шешілмейтін кедергілер пайда болады. Сынған айнаны көру, жақын адамның қайтыс болуы мүмкін. Айнадан адамдарды көрсеңіз, олар болашақта сізге әділетсіз әрекеттер жасайды. Ақ зат Ақ зат – жақсы белгі. Мұндай түстен кейін, адамның өмірі жақсарады. Ақ киімде болсаңыз, жақсы хабарды күтіңіз. Ақ тістер – мықты денсаулық, құс – жарқын болашақ, ал түсі ақ гүлдер – келешекте орын алатын жамандықты болжайды. Аққу Тыныш суда жүзіп келе жатқан ақ аққу, келешекте болатын, жаңға жайлы оқиғалар туралы айтады. Егер сіз түсінізде өлген аққуды көрсеңіз – сізді өкініш пен ыза кұтіп тұр. Ақша Ақша тауып алсаңыз, өміріңізде жағымды өзгерістер болады. Біреуге ақша төлеу – сәтсіздіктің белгісі. Ақшаны жоғалтып алу – жұмыста қиыншылықтар пайда болатындығын білдіреді. Ақша ұрласаңыз, сізге қауіп төніп тұр, сондықтан өз әрекеттеріңізді мұқият бақылау қажет. Алма Піскен алма ағашын көру, жарқын болашақты болжайды. Алманы жеу – жаман түске жатады, ол сәтсіздікті көрсетеді. Алтын Бұл асыл тасты көрсеңіз, жоспарлаған мақсатыңызға жетесіз. Сізді байлық және сәттілік күтіп тұр деген сөз. Егер біреу алтын сыйласа, бай жігітке тұрмысқа шығасыз. Арақ Түсіңізде арақ ішсеңіз, жақын арада достарыңызбен отырыс жасап, ақшаны ысыраптайсыз және уақытыңызды босқа өткізесіз. Арыстан Егер қыз арыстанды көрсе, ол өз ғашығын табады. Арыстанды бағындырсаңыз, кез-келген істе жеңімпаз боласыз. Арыстанның терісі – бақыт пен байлықты білдіреді. Ата-ана Шынайы өмірде қайтыс болған ата-ананы көру, сәтсіздікті болжайды, қызметте абай болған жөн. Ал тірі ата-ана, керісінше жағымды өзгерістер туралы айтады. Егер тірі әкеңіз түсіңізде қайтыс болса, уайымдамаңыз, жағымсыз сезімге қарамастан, ол ұзақ және бақытты өмір сүреді. Әке-шешеңіз жылап жатса, өміріңізде сәтсіздік орын алады. Егер сізге ұрысса, сүйіктіңіз арасында болатын жанжалға дайындалыңыз. Аю Аю көру – үлкен бәселестіктің белгісі. Аюды өлтіру – қиын жағдайдан шығатын әдісті табасыз. Аяқ киім Аяқ киіміңіз жыртық болса, жаңа дұшпандар пайда болады. Жаңа аяқ киім – үлкен пайдасы бар өзгерістер болатынын болжайды. Қара аяқ киім көрсеңіз – істеріңіз сәтті жүреді. Б Байлық Түсіңізде байлыққа ие болсаңыз, маңсабыңызда үлкен сатыларға көтерілесіз. Басқа адамдардың бай болғанын көрсеңіз, қиын жағдайларда қол ұшын созатын достарыңыз көп деген сөз. Бала Жылап жатқан балалар – денсаулықтың нашарлайтындығын білдіреді. Көңіл-күйі жақсы бала – адал достар мен үлкен махабатты болжайды. Ауырып тұрған баланы қолға алу – қайғы-қасіреттің белгісі. Балық Таза суда жүзіп жүрген балықты байқасаңыз, тағдырдың сыйын күтіңіз. Өлі балық – қайғы мен бақытсыздықты жорамалдайды. Балықты аулап алсаңыз, сізді ауыр сынақтар күтіп тұр, бірақ табандылықтың арқасында бұл қиындықты жеңесіз. Бату Суға бату – қайғылы оқиғаны жорамалдайды. Бірақ сізді құтқарып алса, бұл – мықты денсаулық, адамдардың құрметі және қызметтегі өрлеудің белгісі. Егер, батып бара жатқан адамды құтқарсаңыз, көптен күтке бақытқа қол жеткізесіз. Г Гүл Бақшада әдемі болып өсіп тұрған гүлдер – ләззатты білдіреді. Кеуіп қалған гүлдер – көңілсіз жағдайды болжайды. Егер жас қызға түрлі-түсті гүлдерді сыйласа, оның көптеген жаңкүйерлері пайда болады. Шөлейт жерде өсіп тұрған гүл – қайғылы оқиға туралы айтады. Д Дос Түсіңізде достарыңыз бақытты болып көрінсе, сізге жағымды жаңалық келеді. Досыңыздың түрі ренжіген болса, ол ауру мен қиналуды білдіреді. Дұшпан (Жау) Дұшпанды кездестіру, жақын уақытта өз мүдделеріңізді қорғауға тура келеді деген сөз. Егер түс көру кезінде жауды женсеңіз, онда шынайы өмірде де, келе жатқан қиындықтарды женуге күшіңіз жеткілікті. Ж Жаңбыр Жаңбыр – бұл өмірдегі жаңа кезеңнің басталуын жорамалдайды. Қызықты ұсыныстар мен жаңа танысулардан қорықпаңыз, олар сіздің болашақ тағдырыңызға үлкен әсер етуі мүмкін. Лас жаңбыр – кенеттен келген табысты немесе қызметте жаңа лауазымға көтерілуді білдіруі мүмкін. Жоғалтып алу Зергерлік бұйымдарды немесе алтынды жоғалтсаңыз, онда сізді қаржылық шығындар тосып тұр және бұған өзіңіз кінәлі боласыз. Егер түсіңізде жақын адамнан айырылсаңыз, онда отбасыңызда жанжалдар басталады. Жұмақ Өзіңізді жұмақта көрсеңіз, қиын кезде қасыңыздан табылатын, адал достарыңыз болады. Аналар үшін, балалары әдемі және тіл алатын болып өседі деген сөз. Егер, шынайы өмірде өзіңізді ауру және бақытсыз сезінсеңіз, мұндай түстен кейін, тез арада қалпыңызға келесіз. Жұмыртқа Ұядағы жұмыртқалар – табыс және отбасылық бақытты болжайды. Жұмыртқаны жарып алсаңыз – жоспарлаған мақсатыңызға жетесіз. Шіріген жұмыртқалар – болашақ проблемалар туралы айтады. Жүкті болу Түсінде өзінді жүкті болып көру – кедей немесе орташа табысы бар адам үшін өте жақсы. Бұл түс оның өміріне көп ақша мен жақсылық әкеледі. Ал бай әйелге керісінше, қайғы-қасіретті жорамалдайды. Шынымен жүкті әйел, осындай түсті көрсе, оның босануы ақаусыз өтеді. Жылан Егер әйелді жылан шағып алса, ол екіжүзді досынан зардап шегеді. Жыланды өлтірсеңіз, сіз өз мақсаттарыңызға жету үшін барлығына дайынсыз. Жалпы алғанда, жылан көру – жаман түске жатады. Ол болашқа болатын зұлымдықтар туралы ескертеді. Жылау Жылаумен байланысты түстер ескерту болып табылады, оларға мұқият көңіл бөлу керек. Түсіңізде қатты жыласаңыз, сіздің кесіріңізден көп ұзамай жанжал пайда болады. Егер ақылға қонымды шешім қабылдауға үйренсеңіз, бұндай жағдайдын алдын аласыз. И Ит Егер ашулы итті көрсеңіз – қарсыластарыңыздың жасырын әрекеттерін күтіңіз. Мейірімді ит сәттілік пен адал достарды білдіреді. Ит тістеп алса, жұмыста және жанұядағы қарым-қаныста тыныштық күтпеңіз. Иттердің үргенін естісеңіз, жақында жақсы жаңалықтар келеді. К Көбелек Көбелек гүлге қонса, қымбат мүлікті сатып аласыз. Ақ көбелек – ауруға шалдығудың белгісі. Егер ақ түсті көбелек үйге кіріп кетсе, арманыңыз орындалмайды. Көгершін Қыз үшін бұл түс – жақын арада тұрмысқа шығуды уәде етеді. Көлік Түсіңізде көлікпен келе жату – бұл сіздің белсенділігіңіз бен сәттілігіңізді білдіреді. Жол апатынан аман қалсаңыз, қарсыласыңызбен соқтығысудан аулақ қаласыз. Көлікті сырттан көру – саяхаттау және қызықты сапарлардың белгісі. Автокөлікті ұрлап кетсе, болашаққа дайындаған жоспарлар бұзылады. Кілт Кілтті жоғалтып алсаңыз, жағымсыз оқиғаға тап боласыз. Қ Қағаз Жаңа қазылған қабір – келе жатқан қауіп қатер туралы айтады. Қабірлердің арасында серуендеу – некенің сәтсіз болатының білдіреді. Өз қабіріңізді көру – сізге жасалатын кері әрекеттер жайлы хабарлайды. Қан Егер түсіңізде қолыңыз қан болса, өз қамыңызды ойлаңыз, тынығып алыңыз. Өйткені, сізді қиын кезен күтіп тұр. Көп қан, денсаулықтың нашарлауын және жасырын дұшпандарын бар екенін айтады. Қарға Қарға – жақын арада бәлеге ұшырауды жорамалдайды. Сонымен қатар, сүйіктіңіз көзінізге шөп салуы мүмкін. Қасқыр Қасқыр жайлы түс – әріптестеріннің арасында, құпия сақтай алмайтын және ұрлыққа жақын адамның бар екенін мәлімдейді. Қасқырды өлтіру – сізді қорлағысы келетін айлакер жаулармен күресіп, жеңіп шығасыз. Қасқырдың ұлығанын есту – сізге бағытталған құпия қастандықты ашасыз. Қорқыныш Түсіңізде бірденеден қорықсаңыз, шынайы өмірде біреуден көңіліңіз қалады. М Мектеп Мектепке барсаңыз – өткен өмірдің қуаныштарын аңсап жүрсіз. Мектепті және оның ауласындағы оқушыларды көру – біртіндеп мансап сатысы бойынша көтерілесіз. Мысық Мысық – алдында қарсылас тұрғанын және оның шабуыл жасауға дайын екенін ескертеді. Кір немесе ауру мысық келіп тұрса, денсаулығыңыз жайлы ойлануыңыз керек. Н Нан Егер нан жеп отырсаңыз, сіз біреуге ренжисіз. Қатып қалған нан, жоқшылықты білдіреді. Біреумен бөлісіп отырып нан жеу, керісінше молшылықты жорамалдайды. П Пышақ Үстелде жатқан пышақ, сіздің жаңа адамдармен танысуға қорқатыңызды білдіреді. Әдемі пышақты көрсеңіз – күтпеген адамнан сыйлық аласыз. С Сақина Қолыңызда сақина болса – жаға бағыттағы істеріңіз сәтті болады. Сынған сақина – ғашықтардың айырылысуы туралы айтады. Соғыс Соғыс жайлы түс көру – отбасыдағы және қызметтегі жанжалдың белгісі. Әйел адам, сүйіктісін соғысқа шығарып салып жаста, оның мінезі туралы жаман нәрсе естиді. Соқыр Өзіңізді соқыр сезінсеңіз – күтпеген жерден кедей болып кетуіңіз мүмкін. Су Таза су – табыс, байлық және жақсы көңіл-күйдің белгісі. Ал лас су, керісінше, болашақ проблемаларды болжайды. Тұщы суды ішсеңіз, ең маңызды мақсаттарыңызды жүзеге асырасыз. Сырға Сырғалар – жақсы жаңалықтар мен қызықты жұмыстарды жорамалдайды. Сырға сынса, сізге қарсы өсектер бағытталады. Т Түрме Темір тордың артында отырсаңыз – сіздің істеріңізге кері әсер тигізетін жағдайлар пайда болады. Түрмеден босатылып жату – бұл жақсы түс, сіз бәледен аулақ болсасыз. Тышқан Түстегі тышқандар – шынайы өмірдегі жақын адамдарыңызды білдіреді. Сондықтан, егер олар көңілді және қуанышты болса, онда біздің туыстарымыздың денсаулығы мен көңіл-күйлері жақсы болады.

Оқи отырыңыз:  Жүктіліктің алғашқы белгілері

 

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *