Қожа Ахмет Ясауи туралы мәлімет

Қожа Ахмет Ясауи туралы мәлімет

Қожа Ахмет Ясауи – суфизм поэзиясының негізін қалаушы, барлық Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі. Ұлы Жібек жолы өтетін Түркістан қаласында, осы ұлы ойшылдың кесенесі салынған. Төменде жазылған деректермен таныс болыңыздар.
Аңызға сүйенсек, Мұхаммед Пайғамбар өз өлімінің алдында халықты жинап: «Ислам ілімін кім жалғастырады, кім менің аманатымды қабылдайды?» – деп сұрады. Пайғамбардың ісін, Арыстанбаб деген ақсақал жалғастыруға бел буды. Көптеген жылдар бойы Ислам дінін уағыздағаннан кейін, аманатты Ахмет есімді 11 жасар балаға тапсырған. Қожа Ахмет Яссауи – Ясы қаласында дүниеге келген, оның ата-анасы ерте жасында қайтыс болды. Баланың ұстазы Арыстан баб өмірден озған соң, 17 жасында Ясы қаласына қайтып оралды. Осы кезден бастап араб, шағатай, парсы және түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастады. Бұхара қаласындағы имам Юсуф Хамадани медресесін оқып бітірген. Өз уағыздарында адамдарды адалдыққа, шыдамдылыққа және тақуалыққа шақырған. Оның шығармалары көпшілікке танымал болды, Орта Азия халықтары оларды жатқа білген. Пайғамбар жасына келгеннен кейін, 63 жасында өмірінің соңғы жылдарын жер асты мешітінде өткізді. 1166 жылы дүниеден өтіп, ұлы әулиеге арнап салынған кесенеге жерленді. Кейінірек Әмір Темір, ескірген кесененін орнына үлкен мемориалдық кешен салуға шешім қабылдады. Осы әрекетімен, билеуші өзінің күшін және мінсіз дәрежесін көрсеткісі келді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі үлкен және тікбұрышты ғимараттан тұрады. Кесене Орталық Азиядағы ең үлкен күмбездердің біріне ие. Күмбездің диаметрі – 2,45 м, ал салмағы – 2 тонна. Түркі халықтары үшін күмбез бірлік пен қонақжайлылықтың белгісі. Сондықтан, оның өлшемі мен сыртқы келбетіне ерекше назар аударған. Кешеннің сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 2 метр, ал орталық залдың қабырғасы – 3 метр. Оның ішінде 35-тен астам бөлме бар. Қабірдің есігі піл сүйегімен әшкерленген. Бірақ, кесененін құрылысы Темірлан қайтыс болғаннан кейін тоқтатылды. Ғимарат әлі күнге дейін осы күйінде тұр. Тағы бір аңыз бойынша, Темірланның бұйрығымен мыңдаған адамдар қатарға тұрып, Түркістаннан 40 км қашықтықта орналасқан Сауран қаласындағы кірпіштерді, қолдан-қолға беріп кесенеге дейін жеткізген. Бұл ескерткіш мемлекеттің қорғауында, 2003 жылы ЮНЕСКО шешімімен Бүкіләлемдік мәдени мұралардың тізіміне енгізілді.

Оқи отырыңыз:  Әл-Фараби туралы мәлімет

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *