Соғыс жылы Көкшетауда

Қасымда Нұрқан бар еді,
Көкшетау басы қар еді-
Есіме сол күн түседі,
Қылшылдап тұрған қыс еді…
Есілдің бойын жағалап,
Жөнелдік елді аралап.
Соғыс та ол кез бітпеген,
Жылытты жұртты отты өлең.
Қолында Нұрқан домбыра,
Соқты көп өлең желпініп.
Қанатын күйге малды да,
Құлағын түрді ел тұнып.
Сайрады шешен домбыра,
Төгілді мөлдір жыр кәусәр.
Болды ол елдің алдында
Ақан сері, Біржан сал.
Есілді сонда Есілдей,
Өршеленіп Нұрекең.
Ағылып көл-көсірдей,
Жая берді жыр өркен.
Қасымда Нұрқан бар еді,
Көкшетау басы қар еді.
Қылшылдап тұрған қыс еді,
Есіме сол күн түседі.
1957

Оқи отырыңыз:  Майдандағы жігіттің жыры

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *