Жасөспірімдерді және ата-аналарды жындандыратын 10 нәрсе

Жасөспірімдерді және ата-аналарды жындандыратын 10 нәрсе

Бала жасөспірім болған кезде, көптеген мәселелер пайда болады. Былай қарағанда осыдан аз ғана уақыт бұрын ешқандай мәселе болмаған сияқты еді. Енді ол отбасылық кешкі аста басқа жақта жүреді, демалысқа басқа жаққа барғанда қолы тимей қалады, үнемі жуынатын бөлмені босатпайды және өзінің бос уақытының барлығын өзінің бөлмесінде компьютер алдында өткізеді.
Осындай жағдайлар ата-аналарды қатты алаңдатады. Өскелең ұрпақтың ата-аналарын ызаландыратын 10 нәрсе бар.
Жасөспірімнің бөлмесі
Кейбір балалардың бөлмесіне кіру үшін рұқсат сұрайтындай жағдайлар болып жатады. Бұрындары емін-еркін бөлмесіне кіріп жүрген ата-анасына мұндай жағдай ұнамайтыны белгілі. Алайда мұндай жағдайды қабылдау үшін оларға уақыт қажет.
Әртүрлі шұлық
Ата-аналар баласының жұп шұлықтары қайда кеткенін білмей аң таң болады. Оларды іздеу үшін уақыт құртады. Алайда мұндай мәселелерді баланың өзіне қалдырған дұрыс.
Жасөспірімнің сыртқы келбеті, киімі
Жасөспірімнің енді ата-анасының айтқанына құлақ аспай өзінің кигісі кигенін киіп, өз стилін қалыптастыруға әрекет жасайтынын естен шығармау керек.Оның қалай киіну керек екені туралы өз ойы бар, ал ата-анасы ештеңеден хабары жоқ секілді болып көрінеді.
Құлаққап
Жасөспірімдер ұялы телефонда немесе плеерді қолданып құлаққаппен музыка тыңдағанды жақсы көреді. Бір жағынан қатты музыканы келесі бөлмеге естіртпеудің тамаша құралы, бір жағынан ата-аналар баласының көңілін өздеріне аударта алмай жатады. Сонымен бірге жасөспірімдер мынадай қулықты ұстанады: ата-анасы ұрысып жатқанда құлаққапты киіп алады да естімегендей отыра береді.
Әртүрлі гаджеттер
Кейбір үлкен жастағы кісілер жаңа техниканы бірден үйреніп алады. Ал кейбіреуіне көмек керек. Жасөспірімдер мұны пайдаланады. Сондықтанда олар телефонды естімей қалдым десе сенбеңіз.
Сыйламау
Көбінде жасөспірімдер ата-аналарын және ұстаздарын сыйламайды. Өскелең ұрпаққа ақпаратты жеткізу өте қиын. Олар көбіне ерінгендіктен бір нәрсені үйреніп алуға ниет танытпайды.
Ақшаға деген қатысы
Жасөспірімдер ақшаға оңай қарайды. Олар көбіне ақшаны әкесінен немесе анасынан алады және сұрайтын ақшалары ата-анасының жалақысынан көп болып жатады. Өзің еңбек етіп көр деген ұсынысқа олардың өз шарттары дайын тұрады. Төмен жалақыға барғысы келмейді және тек ақша төлейтін жерде ғана жұмыс жасағысы келмейді. Алайда ол оны ақша тапқысы келгесін істемейді, тек ол ақшаның оңай әрі тез болғанын қалайды.
Ашушаңдық
Жасөспірімдердің көбісі ашушаң болып келеді. Оларға ата-аналарына айқайлайды, үлкендердің тілін алмайды, солайша айқай шу шығарғысы келеді. Ата-аналар мұндай жағдайда не істеу керек екенін білмейді.
Сөйлесу, ой бөлісу мәселесі
Баланы қатты өбектеп, еркелетудің қажеті жоқ. Себебі қатты ерке баланың өз қатарластарымен бірдей деңгейді сөйлесуі, қарым-қатынас құруы қиындап кетеді. Сонымен бірге үнемі еркелеп үйреніп қалған бала өз ісіне жауап бере алатын азамат болып өспеуі мүмкін.
Оқуға деген қызығушылығы жоғалды
Мұндай фактордың орын алу себебі көп болуы мүмкін. Ата-аналар мұндай жағдайда уақытында қимылдап және жасөспіріммен осы мәселе туралы ашық әңгімелесуі керек. Егерде әкесінің және анасының сөздері жеткіліксіз болса, арнайы маманға бару керек.

Оқи отырыңыз:  АШЫҚ САБАҚТЫ ҚАЛАЙ СӘТТІ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *